Жаңалықтар

АРНАЙЫ КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 55 ЖЫЛ

Жамбыл облысы бойынша 1 облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы және аудандық орталықтандырылған кітапханаларда 9 аудандық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімдер ашылған.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 4 бөлім, 1 сектор жұмыс жасайды. Кітапхананың штат кестесі бойынша 24 адам жұмыс істейді, барлығы бірліктегі қызметкерлер,  сала бойынша 19 кітапхана қызметкерлері оқырмандарға мәдени кітапханалық библиографиялық қызмет көрсетеді.      

Оқырман саны – 3018, оның ішінде зағиптар саны – 935. Кітап қоры – 40195 оның ішінде мемлекеттік тілде -19346 дана кітап. 

2024 жылы кітап қорын толықтыру үшін 1 млн теңге бөлініп, оған  39 дана бедерлі нүктелі шрифте оның мемлекеттік тілдегісі 29 және  98   дана жайпақ баспалы шрифте оның мемлекеттік тілдегісі  81 әдебиеттер алынды.
Бұл туралы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Күзенова Толқын Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында хабарлады.