Жаңалықтар

ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ КАДАСТРЛЫҚ ҚҰНЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?

Кадастрлық (бағалау) құн-мемлекет жер учаскесін немесе оған жалдау құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі және оларға түзету коэффициенттері туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептік құны.

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау  Жер кодексімен және "жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен регламенттелген.
Мемлекеттік қызметті алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "электрондық үкіметтің" электрондық веб-порталына өтініш беру қажет www.egov.kz.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының жерге орналастыру, геодезиялық жұмыстар және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру басқармасының басшысы Хамитов Кенже Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында хабарлады.