Жаңалықтар

2025 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЕНГІЗІЛЕДІ

Қазақстанда 1 мыңнан астам осындай ұйым бар. Оларды лицензиялау халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Лицензия беру кезінде ғимарат, материалдық-техникалық база және жабдықтар, медициналық және өрт қауіпсіздігі, қызметкерлердің толық штаты және басқа да көрсеткіштердің болуы ескеріледі. 

«Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында сапалы қызмет көрсетуге мүдделі емес ұйымдар анықталады. Бүгінде әлеуметтік инспекторлар ЖАО-мен бірге ұйымдардың лицензиялауға дайындығын тексеру мақсатында лицензия алдындағы талдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Өтінімдер 26 желтоқсаннан бастап қабылданады. Қаңтар айында жұмысқа дайын ұйымдарға лицензия беру басталады», – деп атап өтті ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде.