ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ
2024 жылы жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында құрылатын жұмыс орындарының жоспары 67,4 мың (67 404) болып бекітілсе, есепті кезеңге барлығы 64,2 мың (64 190) жұмыс орны құрылып, жоспар 95,2 пайызға орындалды. Оның ішінде 45,9 мыңы тұрақты жұмыс орындары (жоспар 50 207). Жыл соңына тұрақты жұмыс орындарын 50,2 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Жыл басынан субдсидияланатын жұмыс орындарына 16,7 мың (16 774) адам тартылып (жоспар – 15 197 адам), жоспар 108 пайызға асыра орындалды.
Президенттің тапсырмасына сәйкес 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құрудың облыстық жоспары 8 800 жұмыс орны. Осы тапсырманы орындау аясында 11,8 мың (11 769) (133,7 %) жұмыс орны құрылып, жоспар асыра орындалды.
2024 жылы облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 1 008 адамға 1,5 млрд.теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар берілді (о.і. көпбалалылар – 621, мүмкіндігі шектеулі азаматтар – 198, мүгедек баланы тәрбиелеушілер – 113, асыраушысынан айырылғандар – 50, атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 25, қандастар – 2).
Биылғы жылы 1 291 адам кәсіптік оқытумен қамтамасыз етілді (903-і білім беру ұйымдарында оқыту, 388-і жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқыту).
Бүгінгі күнге жолданған азаматтардың 1 272-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл оқығандардың 98,5 пайызын құрайды.
Ерекше жандарға табыс табуда тең мүмкіндіктер жасаудың басты шарттарының бірі – оларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту.
2024 жылдың 1 желтоқсанына 2 150 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, олардың 679-ы тұрақты жұмыстармен қамтылды.
Бұдан бөлек, 102 жәрмеңкесі ұйымдастырылып, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 2,1 мың (2 108) жұмыс беруші мекемелерден 6,4 мың (6 429) бос жұмыс орындары ұсынылып нәтижесінде, тұрақты жұмыс орындарына мүгедектігі бар 715 азамат орналасты.
Қоғамның тағы маңызды топтарының бірі жастарды жұмысқа тарту бойынша да жұмыстар жүргізіліп келеді.
2024 жылдың 11 айында облыс бойынша 23,7 мың жастар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды (жоспар – 20 933 жас, 113,5% орындалды), оның ішінде тұрақты жұмысқа 13,6 мың жастар қамтылды.
Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 3-тоқсанның қорытындысымен
4,8 пайызды, жастар арасындағы жұмыссыздық 3 пайызды құрады.
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына атаулы әлеуметтік көмек 5,7 мың (5 742) отбасындағы 30,7 мың (30 715) адамға 2,4 млрд. теңге төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АӘК 2 мыңнан аса /2 080/ отбасыға (26,3 пайызға) немесе 10,8 мың (10 815) адамға (25,7 пайызға) азайды.
Жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлес салмағы нысаналы индикаторы 2024 жылға облыс бойынша 83 пайыз болып бекітілген.
Осыған орай, еңбекке қабілетті барлығы 7,2 мың (7 265) адамның, 6,1 мыңы (6 115) жұмыспен қамтылды.
Нәтижесінде индикатордың орындалуы 84,2 пайыз құрап, жоспар асыра орындалды.