1008 АДАМҒА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛДІ
2024 жылы облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 1 008 адамға 1,5 млрд. теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді (о.і. көпбалалылар – 621, мүмкіндігі шектеулі азаматтар – 198, мүгедек баланы тәрбиелеушілер – 113, асыраушысынан айырылғандар – 50, атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 25, қандастар – 2).
Сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың біліктілігін арттыру, жаңа мамандық беру мәселелері де қаралған.
Биылғы жылы 1 291 адам кәсіптік оқытумен қамтамасыз етілді (903-і білім беру ұйымдарында оқыту, 388-і жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқыту). Бүгінгі күнге жолданған азаматтардың 1 272-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл оқығандардың 98,5 пайызын құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов.