Жаңалықтар

2150 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

2024 жылдың 1 желтоқсанына 2 150 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, олардың 679-ы тұрақты жұмыспен қамтылып, 482 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 21 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 45 адам жастар практикасымен жолданды, алғашқы жұмыс орындарына – 18 адам, «Күміс жас» жобасына – 73 адам жолданды, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына – 40, онлайн оқыту курстарына – 101 адам жолданды, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 494 адам жолданды, 197 адам қайтарымсыз грант алды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов айтты.