ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС
- author Zhambylokq
- 18 желтоқсан, 2024
- 18
Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес барлық қоғамның, мемлекеттік органдардың және әр азаматтың мақсаты.
Құзыретті органдарының үйлестірілген жұмыс нәтижесінде мұнай өнімдерінің шекарадан заңсыз шығаруы 65% азайды. Ұйымдастырылған шаралар жанар-жағар майдың ішкі нарықтағы жетіспеушіліктің алдын алуға септігі тигізгені анық.
2024 жылдың 11 айында құны 5 миллиард теңгеден асатын акциздік (шылым) өнімдердің заңсыз айналымы бойынша (акциз сомасы 2 млрд теңгеден аса) 22 қылмыстық іс тіркелді, 6,8 млн қораптан астам темекі заңсыз айналымынан тәркіленді.
2024 жылдың 11 айында қаржылық пирамида мен заңсыз ойын-сауық белгілері бар 3372 сілтеме бұғатталды (қаржыпирамидалар – 2569 сілтеме, заңсыз ойын-сауық – 803 сілтеме).
Осы алаңды пайдалана отырып, біз барлық кәсіпкерлер мен азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, заңды негізде жұмыс істеуге, салықты адал төлеп, ресми өнім өндіретін басқа да кәсіпкерлер мен өндірушілерді құрметтеуге шақырамыз.
Экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы, Сіз «AFM Insider» телеграм ботына хабарлай аласыз.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің «Байқа, пирамида» Telegram боты, компанияның, жобасының немесе сайттын қаржылық пирамида белсенділігінің белгілерін тексеру мүмкіндігін береді.
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің сайтында қаржылық пирамидалардың тізімі берілген.