ЖАМБЫЛДА 93 НЫСАН «ҚЫЗЫЛ СЫЗЫҚ» НОРМАЛАРЫН БҰЗҒАН
Тараз қаласы мен аудандардың бекітілген бас жоспар жобаларына сәйкес 2023 жылы анықталған «қызыл сызық» нормаларын бұзып құрылысы жүргізілген насындарға басқарма тарапынан жыл сайын мониторинг жұмыстарын жүргізіліп отырады.
Бүгінгі күнде, облыс бойынша 93 нысан (Тараз – 52, Байзақ – 6, Жамбыл – 2, Жуалы – 8, Қордай – 3, Меркі – 4, Сарысу – 5, Т. Рысқұлов – 7, Талас – 2, Шу - 4) анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев айтты.