Жаңалықтар

ШУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛУДЕ

Облыс бойынша барлығы 4 қаланың ішінен Тараз, Қаратау, Жаңатас қалаларының бас жоспар жобалары қала құрылысы кадастры ақпараттық жүйесіне толық енгізілді.

Бүгінгі күнге Шу қаласының бас жоспар жобасын координаттық жүйеге келтіріп, ақпараттық жүйеге енгізу үшін жауапты Шу ауданы әкімдігі тарапынан Шу қаласының бас жоспар жобасына түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны аяқтау 2025 жылдың маусым айына жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында  Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев айтты.