Жаңалықтар

38 647 КӘСІПКЕРГЕ 154,5 МЛРД ТЕҢГЕ НЕСИЕ БЕРІЛДІ

Облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 154,5 млрд теңгені құрайтын барлығы 38 647 кәсіпкерге несие берілді.

Берілген несиелердің 40,1 млрд теңгені құрайтын 1 766 жобасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды.  Республикалық бюджет есебінен 1 жобаға 830,0 млн теңге қаражат бөлінді («Qazaq Soda» ЖШС су тарту құрылысына – 830,0 млн.тенге). «Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша 21,0 млн теңгеге 6 жоба қаржыландырылды.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев айтты.