Жаңалықтар

ӨҢІРГЕ 151 110 ТУРИСТ КЕЛГЕН

Соңғы жылдары облыс кәсіпкерлері арасында туризм саласына инвестиция салу белсенділігі артып келеді.

Осы жағдайға сәйкес соңғы уақытта (соңғы екі жылда) 6 туристік объект іске қосылып, олар облыс тұрғындары мен қонақтарына табысты қызмет көрсетуде. Қазіргі кезде, облыс аумағында жалпы соммасы 16,4 млрд тенгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 151 110 турист келген. Туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 138 % - ға артқан. Оның ішінде - 2 471 шетелдік, 148 639 еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев айтты.