Жаңалықтар

ЖАМБЫЛДА 83 ЖҮЙЕЛІ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Өңірлік картаға сәйкес жүргізілген сыртқы талдау және мониторинг нәтижесінде 83 жүйелі жемқорлық тәуекелдерді анықталып, оларды жою бойынша мемлекеттік органдарға 56 ұсыныс енгізілді (талдау - 47, мониторинг -9 ).

 Осы жұмыстардың қорытындыларымен анықталған бұзушылықтар бойынша (заңсыз төленген жалақы, іссапар шығындары, сыйақы, граттар және т.б.) бюджетке 160,0 млн. теңге қаражат қайтарылды.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажанов мәлімдеді.