Жаңалықтар

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

1. Кадрлық құрам Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2 бөлімнен және 9 мемлекеттік қызметшінің штат санынан тұрады.

Функционалдық бағыты:

Білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімі меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдарының желісі

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 449 мемлекеттік, оның ішінде бастауыш – 42, негізгі орта – 33, жалпы орта – 374 мектеп жұмыс жасайды. Оқыту тілі қазақ – 318, орыс – 3, аралас – 128.

Департаментпен жүргізілген бақылау шаралары:

Мемлекеттік аттестаттау бойынша:

2024 жылы 267 білім беру ұйымдары, оның ішінде 46 балабақша (18 жекеменшік, 28 мемлекеттік), 221 (216 мемлекеттік, 5 жекеменшік) мектеп аттестаттау тізіміне енгізілді. Бүгінгі күнге 215 мектепке, 46 балабақшаға мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Нәтижесінде 46 балабақшаға мемлекеттік аттестаттау жүргізілді, оның ішінде 4 мемлекеттік балабақша қайта аттестаттаудан өтпеді.

221 мектептің 215-іне мемлекеттік аттестаттау жүргізілді, оның ішінде 11 мектеп қайта аттестатталмады. 67 мектепке қайта аттестаттау жүргізіліп, кемшіліктер жойылды. Қалған мектептерге белгіленген мерзім бойынша өткізілетін болады.

Профилактикалық бақылау:

Департаментпен І жартыжылдығына бекітілген кесте бойынша бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барып, 11 (2 балабақша, 8 мектеп, 1 колледж) профилактикалық бақылау жоспарланған.

11 мекемеге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 4 мекеме аттестатталды, 7 мекемеге тексеру нәтижесі бойынша нұсқама берілді.

ІІ жартыжылдың бекітілген кестеге сәйкес 3 профилактикалық бақылау жоспарланған. Нәтижесінде бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіліп, тексеру нәтижесі бойынша нұсқама берілді.

Лицензиялау бойынша:

             2024 жылдың қазіргі кезеңіне дейін «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы 97-өтініш түсті. 3 мемлекеттік 8 жекеменшік  мектепке бас лицензия берілді, 20 мектеп және 2 колледждің лицензиясы қайта рәсімделді,  8 мектепке лицензияға қосымша берілді. 56 білім беру ұйымдарына лицензиялау талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты дәлелді бас тартылды.

Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою қызметі бойынша 250 құжат орындалып, мемлекеттік корпорацияға жолданды, 20 құжат түпнұсқасының болмауы, құжаттың расталмауы және қызмет көрсету салығының төленбеуі себебінен кері қайтарылды.

Педагогикалық әдеп мәселесі бойынша:

Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес 6 отырыс өткізіліп, 10 мәселе қаралды. 2 аудандық білім бөлімі басшыларының есептері тыңдалды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Барлығы 6 семинар өткізілді. Оның 2-і мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін, 2-і жалпы орта білім беру ұйымдары үшін, 2- білім беру ұйымдарының лицензия және лицензияға қосымша үшін.