ЖОЛ-КӨЛІК САЛАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
2024 жылы соңғы бюджет нақтылауын қосқанда, жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге жалпы 25,5 млрд.тг. бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 16,5 шақырым көше жолдары мен 1 көпірді құрылыспен, 3,0 шақырым жолды қайта жаңғыртумен және 690,4 шақырым жолдарды орта жөндеумен қамту жоспарланған.
Оның ішінде:
95,9 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;
88,1 шқ – аудандық маңызы бар жолдар;
506,4 шқ – елді мекен көшелері.
Барлығы 355 жол жөндеу жобалары іске асырылып, 709,9 шақырым жол құрылысы, қайта жаңғырту, орта жөндеулермен қамтылды.
Жол жөндеу жобалары келесі бағдарламалар аясында іске асырылды:
- «ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында – облыстық және аудандық мәні бар жолдар бойынша 34 жоба немесе 184 шқ. (6,4 млрд.теңге);
- «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен – 170 жоба немесе 203,0 шқ. (6,1 млрд.теңге);
- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 5 жоба немесе 18,3 шқ. /1,8 шқ жаңғырту, 16,5 шқ құрылыс/ (2,6 млрд.теңге);
- «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен – 3 жоба немесе 1,2 шқ. (0,2 млрд.теңге);
- Жергілікті бюджеттерден – 143 жоба немесе 303,4 шқ. (7,9 млрд.теңге).
Аталған жобалардың жүзеге асырылуы – жергілікті тұрғындардың көлікпен қатынауын жақсартумен қатар, өңірдің көліктік логистикасы инфрақұрылымының дамуына да орасан зор үлесін қосатын болады.
Көлік саласына келетін болсақ:
Жамбыл облысы бойынша 135 автобус маршруттары /13 облысаралық, 27 – ауданаралық, 54 – ауданішілік және ауылішілік, 32 – қалалық, 9 – қала маңылық/ ұйымдастырылған.
Жалпы облыс бойынша 2024 жылы әлеуметтік маңызы бар 96 маршрутқа 6,6 млрд.тг. субсидия бөлінді.
Басқарма тарапынан – облысаралық 13 маршрут, ауданаралық 27 маршрут ұйымдастырылған.
Облысаралық 13 маршрут ішінде халық тарапынан сұранысқа ие, Тараз қаласынан және аудан орталықтарынан Алматы қаласына – 8 облысаралық маршрут, Шымкент қаласына – 3 маршрут, Қарағанды қаласына – 1 маршрут, Астана қаласына – 1 маршрут ұйымдастырылған.
Ауданаралық 27 маршрут құрамында Тараз қаласы мен 8 аудан орталықтарын қосатын маршруттар және екі ауданды өзара қосатын 3 маршрут ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, Тараз қаласын аудандардың елді мекендерімен қосатын 16 маршрут қызмет көрсетуде.
Тараз қаласы аумағында жолаушы тасымалдау қызметімен 8 тасымалдаушы мекеме 41 автобус маршруты бойынша 437 автобуспен (күнделікті желіде 400 бірлік) қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда, жалпы аудан әкімдіктерімен ауданішілік 54 маршрут ұйымдастырылған. Оның ішінде 44 маршрут әлеуметтік маңызы бар маршруттар.
Облыс орталығындағы Әулие-ата әуежайынан (меншік иесі «SCAT» авиакомпаниясы) Астана, Алматы, Атырау бағыттарында әуе рейстері орындалуда.
Әулие-ата әуежайынан әуе рейстерімен 2020 жылы 49 917 жолаушы, 2021 жылы 38 556 жолаушы, 2022 жылы 110 619 жолаушы, 2023 жылы 286 630 және ағымдағы жылдың 11 айында 258 762 жолаушы тасымалданып отыр.
2023 жылы ұшу-қону жолағы мен перрон ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті. Аталған жұмыстарға «SCAT» авиакомпаниясы АҚ тарапынан 50,0 млн.тг. бөлінген.
Ағымдағы жылы «Тараз-Алматы» және «Тараз-Атырау» әуе рейстеріне 662,0 млн теңге субсидия бөлінген.
«Тараз-Астана» әуерейсі коммерциялық болып табылады /күнделікті ұшады, билет құны 13 309 – 52 809 тг./.