Жаңалықтар

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аймақтық Жол картасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жол картасымен 5 бағыт айқындалып, 18 міндет аясында 103 көрсеткішке қол жеткізу карастырылып, үстіміздегі жылы 98-ін орындау жоспарланған. Есепті кезеңде 67-і орындалса, 27-і орындалу үстінде.

Ағымдағы жылы партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 1000 аса (1386) қабылдау өткізіп, 3000-нан аса (3298) тұрғынның өтініші тыңдалды. Нәтижесінде 61,9%-ы оң шешімін тауып, қалған 37,9%-ы тиісті сала өкілдерімен заң аясында құқықтық кеңестермен толықтырылды. Сондай-ақ, «Құқықтық көмек» жобасы аясында заңгер, адвокат, нотариус және медиаторлардың қатысуымен 133 қабылдау өтіп, 293 тұрғынның өтініші қаралып, тиісті заңгерлік кеңестер көрсетілді.

Сонымен қатар, «Жер аманаты» жобасы аясында жоспарға сәйкес өңірде 80 мың гектар жайылымдық жерлерді қайтару жоспарланып, бүгінде 100 мың гектардан аса жерлер қайтарылды. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылып, 327 адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылды.  «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы шеңберінде облыс бойынша 75,1 млн. теңгеге 3385 баланың оқу құралдары мен мектеп формаларымен қамтамасыз етілді.

Өткен жылы бастау алған «Қарызсыз қоғам» жобасы биылда жалғасын тапты. Нәтижесінде Тараз қаласы мен аудандарда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша курсынан 10 600 адам оқудан өтті. Берілген жоспар 125%-ға артығымен орындалды. «Кітап-AMANAT» орталығы тұрақты қызмет көрсетуде. Орталық қорына қабылданған 2023 жылы 345, 2024 жылы 135 кітап қабылданған. Филиал жанындағы «Әйелдер қанатының» да жұмысы қарқынды іске асырылып жатыр.

Республика көлемінде «Таза Бейсенбі» акциясын жүзеге асырды. Акция аясында облыс көлемінде 10 мыңнан астам адамның қатысуымен, өзендер мен каналдар, мәдени мұра ескерткіштерінің орындарына тазалық жұмыстары жүргізіліп, 3 мың тоннадан астам қоқыстар жиналды. Филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясы да қарқынды жұмыс жүргізуде.