Жаңалықтар

10 600 АДАМ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРДЫ

«Қарызсыз қоғам» жобасы биыл да жалғасын тапты.

Нәтижесінде Тараз қаласы мен аудандарда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша курстан 10 600 адам оқудан өтті. Берілген жоспар 125%-ға артығымен орындалды.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы  Дауыл Бейсенқұлов баяндады.