ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ: ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
Ұлттық Банк және «Антифрод-орталықтың» әрекеті Елімізде интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Ұлттық Банк «Антифрод-орталықтың» мүмкіндіктерін күнделікті қолдануда. Қазіргі таңда күмәнді деп танылған 256 банктік есепшоттың 231-і бұғатталды, ал қалғаны тексерілуде.
Телефон алаяқтарына қарсы күрес
Телефон арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының көбеюіне байланысты байланыс операторларымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. «Казахтелеком» және «Кселл» АҚ-мен меморандумға қол қойылып, арнайы WhatsApp жұмыс тобы құрылды. Бұл топ алаяқтардың телефон нөмірлерін бұғаттауға және «СИМ-бокс» құрылғыларын анықтауға бағытталған.
Нәтижелер
• 128 слоттық «СИМ-бокс» құрылғысы анықталды.
• Құрылғы арқылы алыс қашықтықтан хабарласып, азаматтардың қаражатын жымқырған алаяқтар қамауға алынды.
• Шымкент және Қарағанды қалаларында жүргізілген жұмыстар барысында алаяқтық әрекеттерге көмектескен күдіктілер ұсталды.
Дропперлердің жауапкершілігі
Алаяқтарға банктік есепшоттарын пайдалануға берген немесе қаражатты шешіп алуға көмектескен азаматтарға қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Қазір 2 азамат қамауда, тағы 1 күдіктіге тергеу жүргізілуде. Олардың ішінде Ресей Федерациясының азаматтары да бар.
Сақтықта қорлық жоқ!
Интернеттегі жеке деректеріңіз бен қаржылық қауіпсіздігіңізді қорғаңыз:
• Бейтаныс адамдарға есепшоттарыңызды пайдалануға рұқсат бермеңіз.
• Күмәнді сілтемелерге кірмеңіз және жеке мәліметтеріңізді жария етпеңіз.
Қауіпсіздік әркімнің қолында! 👮♂