Жаңалықтар

"ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЛИЕ-АТА ӘУЕЖАЙЫ" ЖЫЛЫНА 650 МЫҢ ЖОЛАУШЫҒА ҚЫЗМЕТ ЖАСАЙ АЛАДЫ

🔹«Халықаралық Әулие-Ата әуежайы» АҚ 2000 жылы ашылған.


🔹2011 жылдан бері «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ әуежайға 100% иелік етуде.
🔹2015 жылы Әулие-Ата әуежайына қайта жаңарту жүргізіліп, заманауи талаптарға сәйкестендірілді.
🔹Бүгінде 250-ге жуық қызметкер жұмыс атқаруда.

🔹Аумағы 6 800 шаршы метр құрайтын жолаушылар терминалы бір мезетте 3 рейс ұшу және қону (сағатына 600 жолаушыға дейін) операцияларын орындап, Әулие-Ата әуежайы жылына 650 мың жолаушыға қызмет жасай алады.

🔹Әуежайдан 2024 жылы 214 928 жолаушы, 68,9 тонна жүк тасымалданып, тұрақты негізде Астана, Алматы және Атырау қалалары бағыттарында әуе рейстері орындалуда.

🔹ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті тарапынан «Алматы-Тараз-Алматы» және «Тараз-Атырау-Тараз» әуе бағыттары субсидияланады. Билет құны Алматыға 16 000 тг., Атырауға 28 000 тг. құрайды. Ал, «Тараз-Астана-Тараз» әуерейсі коммерциялық болып табылады.