Жаңалықтар

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2024 жылғы 12 айлық жұмыс нәтижелері

2024 жылда өндірістегі 65 қылмыстық істен, 50 іс Департаментпен тіркелген. 48 қылмыстық іс сотқа жолданды және ақталмайтын негіздерімен тоқтатылды (73,85%).

Анықталған залал 2,4 млрд тенге, мүлікке тыйым салу қоса алғанда өтілген залал көлемі 679 млн тенгеден аса құрады.

2024 жылда сот өкімдерімен тәркіленген мүліктің жалпы сомасы 2,5 млрд тенгеден аса құрады.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу деректеріне жол берілген жоқ.

Көленкелі экономика

Қаржы мониторинг органдарының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау болып табылады.

Осы аспектте Департамент қызметінің басым бағыты – көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, атап айтқанда, көлеңкелі экономиканың саласында экономикалық қылмыстардың алдын алу, ашу және жолын кесу.

Сонымен қатар, көлеңкелі экономика қоғамының барлық салаларында болуына байланысты, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес тек қылмыстарды ашу ғана емес екенін түсіну керек, ол көлеңкелі экономиканың аз бөлігі.

2023 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары, осы сөздерге дәлел.

Осы бағытта Департаментпен «Атамекен» өңірлік кәсіпкер палатасы бірлесе отырып, кәсіпкерлер мен уәкілетті органдар қатысуымен акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, заңсыз ойын-сауық бизнесі, қаржы пирамидалары тақырыптары бойынша тұрақты түрде (ай сайын) доңгелек үстелдер ұйымдастырылады.

Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы

Жамбыл облысының өзекті маселесінің бірі – ЖЖМ-ды Қырғызстанға заңсыз шығаруға қарсы күрес. Аталған мәселені шешу мақсатында «Переток» жедел-профилактикалық шараны өткізу алгоритмі әзірленді.

Жедел-профилактикалық шараның нәтижесінде ЖЖМ-дың шығаруы 65% азайды. Қабылданған шаралармен ЖЖМ дефицитіне жол берілмей дихандардың уақытылы егін жинау жұмыстарына оң әсерін тийгізді.

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің құрамдас бөлігі акцизделетін (контрафактілі) өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес болып табылады.

Бұл құбылыс ел экономикасына, адал кәсіпкерлерге аса ірі зиян келтіріп, халықтың денсаулығына үлкен қауіп келтіреді.

2024 жылда 5 миллиард теңгеден асатын акциздік (шылым) өнімдердің заңсыз айналымы деректері бойынша (акциз сомасы 2 млрд теңгені құрайды) 22 қылмыстық іс тіркелді, 7 млн қораптың көлемінде темекі заңсыз айналымынан тәркіленді.

 

Қаржылық пирамидалар мен заңсыз ойын-сауық бизнесі

Қаржы пирамидалар мен заңсыз оыйн-сауық бизнесі келеңсіз құбылыстармен күресу әлеуметтік және қоғамдық ортаның салауаттылығын, халықтың, оның ішінде өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығы мен имандылығын қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Департамент тұрақты түрде профилактикалық іс-шараларды интернет кеңістігінде және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

2024 жылда аталған бағыттар бойынша 4300-ден аса сілтеме бұғатталды. Нәтижесінде, азаматтардың біраз қаржылары мен жеке жинақтары сақталды.

Халықтын қаржы пирамидаларға қатысу деңгейі төмендеу байқалуда.

Соңғы профилактикалық бөлім

Осы алаңды пайдалана отырып, біз барлық кәсіпкерлер мен азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, заңды негізде жұмыс істеуге, салықты адал төлеп, ресми өнім өндіретін басқа да кәсіпкерлер мен өндірушілерді құрметтеуге шақырамыз.

Экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы, Сіз «AFM Insider» телеграм ботына хабарлай аласыз.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің «Байқа, пирамида» Telegram боты, компанияның, жобасының немесе сайттын қаржылық пирамида белсенділігінің белгілерін тексеру мүмкіндігін береді.

Біздің сенім телефоны (кезекші бөлім): 34-75-38.