ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ: 2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
📊 Аудит нәтижелері 2024 жылы Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 74 аудиторлық іс-шара жүргізді, оның ішінде: ✔ 14 жоспарлы тексеріс ✔ 60 жоспардан тыс тексеріс (оның 49-ы азаматтардың өтініштері бойынша)
🔍 Негізгі қаржылық бұзушылықтар:
💰 65,1 млрд теңге көлемінде бұзушылық анықталды, оның ішінде:
• 63,2 млрд теңге – қаржылық бұзушылықтар;
• 1,2 млрд теңге – орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген тауарлар үшін төленген қаражат;
• 882,4 млн теңге – жалақы, іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар;
• 89,4 млн теңге – мемлекеттік активтерді дұрыс пайдаланбау.
⚖ Жауапкершілікке тарту:
👨💼 51 лауазымды тұлға – тәртіптік жауапкершілікке тартылды;
👨⚖ 47 лауазымды тұлға – әкімшілік жауапкершілікке тартылды (21,3 млн теңге бюджетке қайтарылды);
🚔 1,4 млрд теңге сомасымен 4 іс құқық қорғау органдарына жолданып, 1 қылмыстық іс қозғалды.
📌 Камералдық бақылау:
📑 26 780 мемлекеттік сатып алу лоты тексерілді, анықталған бұзушылықтар бойынша 6 398 хабарлама жіберілді, оның 98%-ы орындалды.
⚠ 40 ұйымның банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылды, 54 әкімшілік хаттама сотқа жолданды.
📩 Шағымдар:
📌 2 659 шағым қаралды, оның ішінде:
✔ 1 539 шағым қанағаттандырылды немесе ішінара қанағаттандырылды;
❌ 1 120 шағым қанағаттандырудан бас тартылды.