Жаңалықтар

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ӘЛЕМДІК БІЛІМ КЕҢІСТІГІНДЕ 1201+ ОРЫНДА

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті – білім беру, ғылым және инновацияның өңірлік орталығы. Оқу орны аймақтың экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ете отырып, мамандарды үш деңгейлі жүйе бойынша даярлайды.

Бұл – жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ететін аймақтағы бірегей университет.
Университеттің халықаралық байланыстары да қарқынды дамуда. Оқу орнында Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің (РХТУ) филиалы ашылып, студенттерге жоғары деңгейдегі білім алуға мүмкіндік жасалды.
Дулати университетінің сапалы білім беру жүйесі әлемдік деңгейде де мойындалуда. Ол дүниежүзілік 3000-ға жуық университеттердің арасында 1201-1400 орындар аралығына енді. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі көшпелі брифингта М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы Болат Тасуов хабарлады.