2025 жылға жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеуге мемлекеттік баж көлемі мен турист- автомобилистерге арналған жадынама
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына сай Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа сай кез келген ҚР азаматы 16 жасқа толған сәттен бастап жеке басын куәландыратын құжатқа өтінім бере алады.
2025 жылы 1 қаңтардан бастап жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерде қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 мың 932теңгені құрайтынын хабарлаймыз(2024 жылғы 4 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң).
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 615-бабына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мына көлемде:
24 бет – 15 мың 728теңге(4 АЕК)(16 жасқа дейінгі балалар үшін);
36 бет – 31мың456 теңге (8 АЕК);
48 бет – 47мың184 теңге (12 АЕК);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты– 786,4 теңге(0,2 АЕК);
- бір жылдың ішінде екі реттен көп жоғалуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі –3 мың 932 теңге(1 АЕК);
- азаматтығы жоқ адамның куәлігі, жол жүру құжаты–31 мың 456 тенге (8 АЕК) құрайтынын барлық аумақтық көші-қон құрлымдарына жеткізілсін.
Сондай-ақ АЕК мөлшері өзгергенін мемлекеттік бажды талап ететін мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ескеру қажет(Салық кодексінің 613-бабына сәйкес):
1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа визалар бергенi, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшiн:
Қазақстан Республикасынан кетуге – 1 мың 966 теңге(0,5 АЕК);
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге– 27 мың 524 теңге(7 АЕК);
Көп рет Қазақстан Республикасына келуге және ҚазақстанР еспубликасынан кетуге – 117 мың 960теңге(30 АЕК);
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығыжоқадамдарға Қазақстан Республикасынан тұрақтытұрғылықтыжерге кетугеқұжаттарды ресімдегеніүшін – 3 мың 932 теңге(1 АЕК);
3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқадамдардыңҚазақстан Республикасынажекеістері бойынша келуінешақырулардыресімдегені, ҚазақстанРеспубликасыныңвизаларын беру бойынша қабылдаушытұлғалардың шақыруларынкеліскені үшін – әрбір шақырылушыүшін 1 мың 966 теңге(0,5 АЕК);
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн – 3 мың 932 теңге(1 АЕК);
5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат бергені үшін – 15 мың 728 теңге(4 АЕК).
Сондай – ақ атап айтатын тағы бір мәселе елімізде автотуризмді дамыту мақсатында Туризм және спорт министрлігімен QR-код пен турист-автомобилистергеарналғанжадынама әзірленді. Қосымша слайдтан мәлімет алуға болады.