Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

ашық
«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысында 12 антенна-діңгек құрылысын (әрі қарай – АДҚ) соғу жоспарланған: «Шақпақата – Отар» автокөлік жолы (449,8 км) бойында 7 АДҚ (Жуалы ауданы – 1, Қордай ауданы – 3, Меркі ауданы – 1, Т.Рысқұлов ауданы – 2) және «Хантау – Қашқантеңіз» автокөлік жолы (203 км) бойында 5 АДҚ (Мойынқұм ауданы – 5).

Жамбыл облысының автомобиль жолдарын сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз етуге «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС (Теле2)  анықталған.

            Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы антенна-діңгек құрылысы  соғылатын координаттарды облыстық полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен және байланыс операторы өкілдерімен зерделеу жұмыстары нәтижесінде келісіп, аудан әкімдіктеріне ұсынылды.

            Бүгінгі күнге, Жуалы, Қордай, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында соғылатын АДҚ-ның жобалық-сметалық құжаттамалары дайын болды.

            Ал, Мойынқұм ауданы бойынша жер телімдерін АДҚ соғу мақсатында пайдалануға алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар