Жаңалықтар

Облыстағы эпизоотиялық жағдай туралы

2024 жылға арналған Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп 1,5 млн. бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді.

          Облыс бойынша 12 айда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында (бұдан әрі - АШЖБ) барлығы 3,9 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары (458 мың бас ірі қара, 3,3 млн. бас ұсақ мал, 4,5 мың бас шошқа,

185 мың бас жылқы, 8 мың бас түйе малы) тіркелген. Облысымыз мал саны жағынан Республика бойынша екінші орында.

          Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары 12 (он екі) айлық жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалды. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 27,0 млн. манипуляция жүргізілді.