Жаңалықтар

Цифрлы нотариат

Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңының 25-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 22-бабына сәйкес сенімхаттарды нотариалды куәландыру және оларды «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері мен ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық нысанда беру жөніндегі процестерді автоматтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 231 және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №147/ҰК «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасын іске қосу туралы бірлескен бұйрығына қол қойылды.

Жобаны ҚР Әділет министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қатысуымен әзірледі.

2023 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда «Цифрлық нотариат» мемлекеттік қызметі іске қосылды. Ол нотариус куәландыратын құжаттарды ресімдеуді онлайн форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді: (мүлікке билік етуден басқа сенімхаттардың кейбір түрлері, ерлі-зайыптылардың келісімдері, некенің жоқтығы туралы өтініштер, консультациялар).