Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

"Тараз-Туризм" туристік ақпараттық орталығы 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы жаңа маусымға арналған жобалары

"Тараз-Туризм" туристік ақпараттық орталығы 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы жаңа маусымға арналған жобалары
ашық
Туризм саласының бүгінгі жағдайы және оның перспективасы; 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында ЖАҢА МАУСЫМҒА арналған жобалары; «Қызғалдақ мұра - 2025» фестивалінің өзектілігі мен маңыздылығы

ЖАҢА МАУСЫМ КЕЛЕСІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРАСТЫРАДЫ:

1. Көктем маусымы

Мақсаты:

 2025 жылына арналған атаулы күндер күнтізбесінде өтетін күнделікті оқиғаларды ақпараттандыру және халық арасында кеңінен насихаттау;

 Іс-шаралар және жарнама арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында туристік маршруттар мен жергілікті көрікті жерлердің танымдығын қалыптастыру;

 Жамбыл облысының туристік әлеуетін танудың қолайлы имиджін құру;

 ҚР түрлі жарнамалық-баспа басылымдарында облыс пен Тараз қаласының көктемгі маусымының ашылуы туралы ақпарат тарату.

 

2. «Қызғалдақ мұра-2025» халықаралық фестивалі

Мақсаты:

 Жамбыл облысының жабайы өсетін қызғалдақтарын сақтау

 Геопарк пен туристік кластер құру

 

3. Жамбыл облысының тау гидтерін оқыту курсы

Мақсаты:

 Өңірдегі туризм саласыны бойынша тау гидтерінің біліктілік санатын арттыру

 Меркі ауданы бойынша тау шатқалдары атаулары және маршрутын анықтау

 Меркі ауданы бойынша тіркелген тау шыңдарының фото-видео контенттерін анықтау

 Туризм және өлкетану үйірмелерін ашу

 

4.«Taraz mobilography fest – 2025» байқауы

Мақсаты:

 Жамбыл облысының көрікті жерлерін, тарихи және табиғи мұраларын көрсету арқылы туризм саласын дамыту;

 Қатысушыларды жаңа туристік бағыттарды зерттеуге және смартфон арқылы ерекше кадрлар түсіруге ынталандыру;

 Облыстың туристік әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау;

 Шетелдік аудиторияны қазақстандық туризммен таныстыру.

Ұйымдастыру алқасы: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының «Тараз-туризм» туристік ақпараттық орталығы.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар