"Тараз-Туризм" туристік ақпараттық орталығы 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы жаңа маусымға арналған жобалары
Туризм саласының бүгінгі жағдайы және оның перспективасы; 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында ЖАҢА МАУСЫМҒА арналған жобалары; «Қызғалдақ мұра - 2025» фестивалінің өзектілігі мен маңыздылығы
ЖАҢА МАУСЫМ КЕЛЕСІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРАСТЫРАДЫ:
1. Көктем маусымы
Мақсаты:
2025 жылына арналған атаулы күндер күнтізбесінде өтетін күнделікті оқиғаларды ақпараттандыру және халық арасында кеңінен насихаттау;
Іс-шаралар және жарнама арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында туристік маршруттар мен жергілікті көрікті жерлердің танымдығын қалыптастыру;
Жамбыл облысының туристік әлеуетін танудың қолайлы имиджін құру;
ҚР түрлі жарнамалық-баспа басылымдарында облыс пен Тараз қаласының көктемгі маусымының ашылуы туралы ақпарат тарату.
2. «Қызғалдақ мұра-2025» халықаралық фестивалі
Мақсаты:
Жамбыл облысының жабайы өсетін қызғалдақтарын сақтау
Геопарк пен туристік кластер құру
3. Жамбыл облысының тау гидтерін оқыту курсы
Мақсаты:
Өңірдегі туризм саласыны бойынша тау гидтерінің біліктілік санатын арттыру
Меркі ауданы бойынша тау шатқалдары атаулары және маршрутын анықтау
Меркі ауданы бойынша тіркелген тау шыңдарының фото-видео контенттерін анықтау
Туризм және өлкетану үйірмелерін ашу
4.«Taraz mobilography fest – 2025» байқауы
Мақсаты:
Жамбыл облысының көрікті жерлерін, тарихи және табиғи мұраларын көрсету арқылы туризм саласын дамыту;
Қатысушыларды жаңа туристік бағыттарды зерттеуге және смартфон арқылы ерекше кадрлар түсіруге ынталандыру;
Облыстың туристік әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау;
Шетелдік аудиторияны қазақстандық туризммен таныстыру.
Ұйымдастыру алқасы: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының «Тараз-туризм» туристік ақпараттық орталығы.