Жаңалықтар

Жамбыл облысы аумағындағы өрт жағдайы

Ағымдағы жыл басынан бері Жамбыл облысы аумағында 83 өрт (2024 ж-99) оқиғасы тіркеліп, жалпы соммасы 9 млн. 460 мың теңгені (2024 ж-27 млн. 190 мың тг) құрайтын материалдық шығынға алып келді. Өрт салдарынан 1 адам (2024 ж-0) жарақат алды, қаза болғандар (2024 ж-1) жоқ.

​Өрттердің шығу себебінің басым көпшілігі электр сымдарының қысқаша тұйықтауы, пеш құбырының ақауынан және тұрғындардың отқа абайсыз болуынан болып отыр.
​Өрттердің алдын алу мақсатында департаменттің және оның аудандық бөлімшелерінің қызметкерлерімен тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлықтарын, әртүрлі акцияларды және күнделікті негізде үйлерді аралауларды, жиналыстар мен халықпен жиындарды өткізуде.
​Атқарылып отырған жұмыстар барысында өрт оқиғасы 19%- ға (16 өртке) азайып отыр.