Жаңалықтар

Жамбылдық кәсіпкерлерге қолдау көп

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы жанында өңірдің негізгі экономикалық секторлары бойынша 7 тұрақты жұмыс істейтін салалық кеңес қызмет атқарады, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігі жөніндегі саларалық кеңес бар. Кеңестер 500-ден астам мүшені біріктіреді, олардың қызметі 106 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қамтиды.

2024 жылдың басынан бері 56 отырыс өткізіліп, 150-ден астам мәселе қаралды. Салалық кеңестердің ақпараттық қолдауы аясында мемлекеттік органдармен және даму институттарымен белсенді өзара іс-қимыл жасалып, нормативтік-құқықтық актілер талаптарына, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қызметіне және мемлекеттік қолдау шараларына арналған 112 іс-шара ұйымдастырылды.

2025 жылы салалық кеңестердің жұмысын күшейту жоспарлануда, оның ішінде Жамбыл облысының Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің тауар нарықтарына кірудегі кедергілерді анықтау және жою жөніндегі кеңесінің қызметі аясында. Осыған байланысты салалық кіші топтар құрылып, олардың құрамына Салалық кеңестердің төрағалары мен мүшелері енгізілетін болады.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлау қорытындылары туралы

Өткен төрт жыл ішінде бұрынғы құрамдағы Өңірлік кеңес (ӨК) 28 мүшеден тұрып, 44 отырыс өткізіп, 100-ден астам мәселені қарады. ӨК қатысуымен облыс басшылығымен 5 кездесу өткізіліп, онда бизнеске қатысты 30 мәселе көтерілді, олардың басым бөлігі оң шешімін тапты.

Өңірлік кеңес Палатаның бақылаушы органы ретінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, түрлі салалар мен экономикалық секторлардың мүдделерін қорғайды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезімен бекітілген квота аясында ӨК жаңа құрамы 7 салалық және 10 аудандық кәсіпкерлер кеңестерінен келген 17 мүшеден құралды. Сайлау 2025 жылғы 20-23 қаңтар аралығында өтті. Сайлауға қатысу үшін 31 өтінім беріліп, әр орынға екі үміткерден келетін бәсекелестік байқалды. Сайлауға 397 салалық және аудандық кеңес мүшелері қатысып, бұл жалпы құрамның 60%-ын құрап, сайлаудың заңдылығы мен легитимдігін қамтамасыз етті.

17 сайланған мүшенің ішінде:

•        5 – салалық кеңес төрағалары,

•        4 – аудандық кеңес төрағалары,

•        2 – салалық кеңес мүшелері,

•        6 – аудандық кеңес мүшелері.

ӨК құрамында әр деңгейдегі мәслихаттардың 4 депутаты бар. Құрамның басым бөлігі шағын бизнес өкілдерінен (88%) және орта бизнес өкілдерінен (12%) тұрады. Салалық тұрғыда ең үлкен үлес ауыл шаруашылығы (29,4%), қызмет көрсету (23,5%), сауда (11,8%) және әлеуметтік сала (11,8%) салаларына тиесілі.

ӨК мүшелерінің жасы 33 пен 69 жас аралығында, орташа жас – 50 жыл. Құрамдағы әйелдер үлесі 35% (6 адам), ерлер – 65% (11 адам). Кеңестің құрамы 41%-ға жаңарып, 7 жаңа мүше қосылды, ал 59%-ы (10 адам) бұрынғы құрамда қалды.

2025 жылғы 7 ақпанда өткен алғашқы кеңейтілген отырыста Өңірлік кеңес төрағасы болып "АулиеАтаФеникс" ЖШС директоры, АӨК және тамақ өнеркәсібі салалық кеңесінің төрайымы Фарида Амансарқызы Джунусова сайланды.