Жаңалықтар

1 наурыз – Халықаралық азаматтық қорғаныс күні

Жыл сайын 1 наурызда әлемде «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» атап өтіледі. 1931 жылы бірнеше мемлекеттердің бастамасы бойынша Француз медицина қызметінің генералы Жорж Сен-Пол Парижде «Женева аймақтарының қауымдастығын» — «қауіпсіздік аймақтарын» құрды, ол екі жақты және көп жақты келісімдер арқылы барлық елдерде жергілікті қауіпсіздік аймақтарын құрды, кейіннен қауымдастық Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымына айналды. 1972 жылы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы үкіметаралық ұйым мәртебесін алды.

Қазақстан Республикасы 1996 жылы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымына кірді.

Біздің елімізде 1 наурыз «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» мерекесін тойлау қазіргі қоғамның назарын Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі мен азаматтық қорғаныс орындайтын маңызды міндеттерге аударуға мүмкіндік береді. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басты функцияларының бірі болып табылады. Азаматтық қорғаныс мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады.

Бүгінгі күні Азаматтық қорғаныс «Азаматтық қорғаныс саласындағы іс-шараларды жоспарлау», «Халықты азаматтық қорғау саласында оқыту», «Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардан қорғау», «Эвакуациялық іс шараларды ұйымдастыру» және «Азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылау» бағыттары бойынша қызметін жүзеге асырады.