Жаңалықтар

Заң және тәртіп: қаржы пирамидаларға және басқа алаяқтықтарға қарсы күрес

Мемлекет басшысының Жолдауының "Заң және тәртіп" бастамасы аясында Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті осы брифингті ұйымдастырып тұр. Брифингтің негізгі мақсаты еліміздің барлық аумағында таралған түрлі алаяқтықтар туралы азаматтарды ескерту болып табылады.

Азаматтарымыздың қаражатын тартып алу үшін алдап-соғып жатқан қаржылық алаяқтықтармен күресу, қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселесі болып табылады. Жыл сайын Қазақстан Республикасында әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде интернет-ресурстардағы жарнама, YouTube арналары және мессенджерлер арқылы, мыңдаған адам осы заңсыз әрекетке ұрынады.

Елімізде көпшілікке зиян келтіретін қаржылық алаяқтықтың негізгі түрі – қаржы пирамидалар.

Департамент, профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді, оның ішінде интернет кеңістігінде және халыққа қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізулуде.

Сонымен қатар, қазіргі таңда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларға көп көңіл бөлінуде, сондықтан Департамент тарапынан халық көп жиналатын жерлерде және интернет желісінде қаржы пирамидалардың алдын алу бойынша бейнероликтер орналастыруда, одан басқа жергілікті және республикалық телеарналарда түсіндіру жұмыстары жүргізулуде.