Жаңалықтар

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиялық жағдайы және эпидемиялық кезеңге дайындығы туралы

Жамбыл облысында наурыз-сәуір айларынан бастап ауа-райын ескере отырып, кенелердің белсенділік маусымы басталады, ол қазан-қараша айларына дейін созылуы мүмкін.

Кенелермен берілетін аурулардың бірі – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ). Бұл аса қауіпті жұқпалы ауру, тоқтаусыз қан кетумен, жоғары өліммен сипатталады, яғни медициналық көмекке уақтылы жүгінбесе, науқас өліп кетуі  мүмкін. КҚГҚ вирусының негізгі тасымалдаушылары – иксод кенелері.

         2025 жылы Жамбыл облысы бойынша табиғи ошақ аумағына 46 елді мекен орналасқан, Мойынқұм (13 елді мекені), Талас – (8), Сарысу – (12), Жамбыл – (2), Байзақ – (2), Шу аудандары мен (8) Тараз қаласында (1).    

         Табиғатта демалу кезінде өзіңізді ККГЛ инфекциясынан қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет: