Жаңалықтар

Республикалық «Жасөспірім» ЖПІШ бойынша

2025 жылдың 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан Республикалық «Жасөспірім» атты жедел алдын алу іс-шарасына өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүргізу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын, қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар мен оларға қатысты жасалатын қылмыстардың жолын кесу мақсатында жұмысты жандандыру.

Аталған іс шараға күнделікті Полиция Департаментінің 548 қызметкері жұмылдырылуда.

Іс шараның сегіз күнінде бірқатар жұмыстарды атқарды.

Бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 20 қолайсыз отбасы және қылмыспен, құқық бұзушылық жасаған  38 кәмелетке толмағандар полицияның есебіне алынды.

Девианттық тәрбиедегі мінез құлқына байланысты 5жасөспірімарнайы режимдегі мектепке орналастырылды, 3 тұлға  ата-ана құқығынан айырылып немесе шектелді, 9 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды .

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегiмiндеттердi орындамағаны үшін Әкімшілік кодексінің 127-бабымен 72 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

Түнгі уақытта қараусыз жүрген жасөспірімдер қылмыс жасауы немесе қылмыстың құрбаны болуы мүмкін. Ал, түнгі уақыттағы бала өмірінің қауіпсіздігі үшін ата-аналар жауапты.

Сол себептен, Әкімшілік кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерсіз
жүргені үшін  589 ата-ананың жауапкершілігі қаралды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (кәмелетке толмағандармен жасалған бұзақылық) бойынша 21 кәмелетке толмағанның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында балалардың заңды өкілінсіз болуына жол берген 16 мекеме иелеріӘкімшілік кодексінің 132-бабымен жауапкершілікке тартылды.

●   Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында оқу орындарында
1277 лекция оқылды, интернет желілерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында 230 жарияланым жасалды, 12 дөңгелек үстелдер,  24 ата-ана жиналыстары ұйымдастырылды.

             Тараз қаласы және Қордай ауданында Полиция қызметкерлеріммен 3 жасөспірім тыйым салынған заттарды алып жүргені үшін ұсталды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі таңда Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар -37,0% (27-17) төмендеген.

Бала тәрбиесінде тек құқық қорғау органдары мен білім беру саласының ғана емес, бүкіл қоғамның бірлесіп жұмыс істеуі маңызды.

Қоғам болып, осы бағытта белсенді жұмыс атқарғанда ғана ұлағатты, білімді және жауапкершілікті жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкін болады. Бұл — ұлттың болашағы үшін маңызды қадам.

 Балалар тәрбиесінде бірінші жанұя, ата-анасы, қоршаған ортасының да мәні зор.

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен олардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде бірлесе жұмыс атқаруды сұраймыз.

Біздің барлығымыздың ортақ мақсатымыз – балаларымыздың болашағын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шаралардың нәтижелі болуына әрбіріңіздің үлес қосатындарыңызға сенеміз. Тек бірге болсақ қана, біз өзіміздің жас ұрпағымызды қорғап, болашаққа деген сенімді қадам жасай аламыз!