Жаңалықтар

Қытайлық әуе компаниясы Қазақстанға әуе рейстерін ашты

Қытайлық әуе компаниясы Қазақстанға әуе рейстерін ашты

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту, халықаралық рейстер санын ұлғайту және жаңа шетелдік авиакомпанияларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Осылайша, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы авиациялық биліктерінің бірлескен жұмысының арқасында қытайлық «Loong Airlines» әуекомпаниясы «Ханчжоу – Алматы» бағыты бойынша алғашқы жолаушылар рейсін орындады. Рейстер "А321" үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалады. Жаңа әуе тасымалдаушының Қазақстан Республикасының әуе тасымалы нарығына кіруі, сондай-ақ жаңа әуе бағыттың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді. Анықтама: Ханчжоу қаласы-Чжэцзян провинциясының астанасы. Қала халқы 10 млн адам. 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында қалада 19-шы Азия ойындарын өткізу жоспарлануда. Ханчжоу қаласының әуежайы – Қытайдағы ең көп жұмыс істейтін 10 әуежайдың бірі. Әуе компаниясы Ханчжоу қаласында өтетін 19-шы Азия ойындарының ресми серіктесі болып табылады. «Loong Airlines» – 2011 жылдан бастап жолаушылар мен жүк тасымалдайтын қытайлық авиакомпания. Бүгінгі таңда «Loong Airlines» 170-тен астам қаладан 600 ішкі және халықаралық жолаушылар және жүк бағыттары бойынша тасымалдауды орындайды.