2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының өту қорытындылары
Облыс нысандарын жылыту маусымына дайындау және оның өту барысын қадағалау үшін облыстық штаб құрылған, сондай-ақ аудандар мен Тараз қаласында жергілікті штабтар жұмыс істеуде.
Жылыту маусымы өткен жылдың 15 қазанынан басталып, ағымдағы жылдың 14 сәуірінде аяқталды. Жалпы ұзақтығы 181 тәулікті құрады.
Жалпы 9 жылу энергетика кешендерімен жылыту маусымы кезеңінде 1 млн. 100 мың Гигакалорий жылу энергиясы өндіріліп, 1 млрд. 18 мың текше метр газ тұтынылды.
Облыс бойынша 9 жылу энергетика кешендері және 593 автономды қазандықтар бар.
Олармен 1 646 көпқабатты тұрғын үйлер мен 1 737 әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етіледі (784 білім беру, 389 денсаулық сақтау, 467 мәдениет, 81 спорт нысандары, 18 әлеуметтік арнаулы мекеме).
Жылу энергетика кешендерімен жылыту маусымы кезеңінде 1,250 млрд. м3 газ тұтыну үшін тиісті келісім-шарттары жасалып, нақты 1,018 млрд. м3 газ тұтынылды.
Олардың нормативті резервтік мазут қоры 14,4 мың тоннаны құрайды.
Ағымдағы жылыту маусымына орай облыс тұрғындары жоспарлы 144,8 мың тонна көмірмен толық қамтылды.
Облыста жалпы 31 нарық субъектісі көмір сатумен айналысады, бүгінге көмір тұйықтарында 8,4 мың тоннаға жуық көмір бар.
Жалпы, өткен жылыту маусымында көмір тапшылығы болған жоқ.