
Деректерге сәйкес, елімізде ең көп қатысушысы бар үйірме – футбол. Аталған спорт түрімен 1 113 299 адам айналысады. Айта кетерлігі, олардың жартысынан көбі ауылдық жерде тұрады. Бұл – футболдың ел аумағында кең тараған әрі қолжетімді спорт түрі екенін дәлелдейді.
Кейінгі орындарға мына спорт түрлері жайғасқан:
🔹Классикалық волейбол – 767 580 адам (оның ішінде ауылдық жерде – 421 035)
🔹Баскетбол – 541 819 (ауылдық жерде – 238 853)
🔹Футзал – 368 349 (ауылдық жерде – 130 744)
🔹Жеңіл атлетика – 347 654 (ауылдық жерде – 174 261)
🔹Шахмат – 278 101 (ауылдық жерде – 128 243)
🔹Үстел теннисі – 262 835 (ауылдық жерде – 127 416)
🔹Дойбы – 213 490 (ауылдық жерде – 115 198)
🔹Тоғызқұмалақ – 202 217 (ауылдық жерде – 119 302)
🔹Қазақ күресі – 160 399 (ауылдық жерде – 87 030)
Бұл көрсеткіштер ел азаматтарының дәстүрлі және заманауи спорт түрлеріне деген қызығушылығының жоғары екенін, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысы артып келе жатқанын көрсетеді. Министрлік бұқаралық спортты дамыту және өңірлерде қолжетімді спорт инфрақұрылымын қалыптастыру бағытындағы бағдарламаларды жүзеге асыруды одан әрі жалғастырады.