Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер туралы және оларға жүгіну тәсілдері
Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап енгізілді, ол еңбекке қабілеттіліктен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша сақтандыруды көздейді.
Осы мақсатта төлеушілер (жұмыс берушілер) өз қызметкерлері үшін Қорға ай сайын 5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар аударады.
Әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда жүйенің қатысушысына (ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар төленген), ал ол қайтыс болған жағдайда оның асырауындағыларға Қордан әлеуметтік төлем төлеуге кепілдік беріледі. Бұл жұмыс істейтін азаматтар үшін республикалық бюджеттен базалық әлеуметтік қамсыздандыруға қосымша әлеуметтік қорғау деңгейі.
Қазіргі уақытта Республика бойынша жүйемен 6,8 миллионнан аса адам қамтылған.
Бүгінгі таңда, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 273 мың жуық адамды қамтыған, 2024 жылы 80 мыңнан аса адам жалпы сомасы 61,8 млрд. теңгеге жуық төлем алды.
Бұл төлемдердің мөлшері жыл сайын арттырылады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері автоматты түрде 6,5% - ға өсті.
Жамбыл облысы бойынша 4 911 алушыға еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайға және 3 195 асыраушысынан айырылған жанұяға төлемдер мөлшері ұлғайтылды.