Жаңалықтар

🚀 Қазақстандық оқушылар APhO-2025 Азия физика олимпиадасында бірден 8 медаль жеңіп алды

🇦🇪 2025 жылғы 4–12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші Азия физика олимпиадасы (APhO-2025) өтті. Беделді халықаралық додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысты.

 Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті — барлық сегіз қатысушы да жүлдегер атанып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

 Сонымен қатар Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиадаға қатысушы ең үздік қыз бала ретінде арнайы «Best Female» сыйлығына ие болды.

Күміс медаль иегерлері:

 Амирбек Азатбеков – Астана қаласындағы ФМБ НЗМ;
 Нұргүл Егенбергенова – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы;
 Амир Пшенбаев – Spectrum International School, Астана қаласы;
 Артур Ким – Spectrum International School, Астана қаласы.

Қола медаль иегерлері:

 Роман Черемнов – Miras International School, Алматы қаласы;
 Ілияс Қазымбек – Республикалық физика-математика мектебі, Астана қаласы;
 Даниэль Төлеубаев – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы;
 Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы НЗМ.

 Команда жетекшілері — Нұрдәулет Қаласов пен Андрей Сидоренко.

 Қазақстан құрамасын шын жүректен құттықтаймыз!