Жамбыл облысы бойынша АИТВ инфекциясының 2025 жылғы 4 айындағы эпидемиологиялық жағдайы туралы
Орталықтың басты мақсаты, АИТВ-ның шапшаңдап таралуын төмендету және бағытталған ескертулерге, кешенді шаралар өткізу, тұрғындар арасында эпидемиологиялық ахуалды бағалау және талдау жүргізу, АИТВ-ның көп таралғандығы және жағдайларды эпидемиологиялық қадағалау жүргізу болып табылады.
2025 жылдың 4 айында Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының 44 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші - 3,6, ал 2024 жылдың осы кезеңінде – 40 жағдай, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 3,3 құрады.
2025 жылдың 4 айында тіркелген жағдайлардың ішінде ең жоғары анықтау көрсеткіші жас ерекшеліктері бойынша 30-39 жас аралығында – 12 жағдай (27,3%), 40-49 жас тобында-12 жағдай (27,3%), 50-59 жас – 7 жағдай (15,9%), 20-29 жас аралығында-5 жағдай (11,4%), 60 жас және одан жоғары – 6 жағдай (13,6%),
Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап облыс тұрғындарына ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тестілеу қызметтерін қолжетімді ету мақсатында арнайы мобильді топ құрылды.
Мобильді топтың басты мақсаты – халықты АИТВ-ға тестілеумен кеңінен қамту, сондай-ақ инфекцияның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде ақпарат беру.
Жамбыл облысының барлық тұрғындарын “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде” ақысыз Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында және тұрғылықты мекен-жай бойынша орналасқан емханаларда тапсыруға және барлық алдын-алу профилактикалық іс-шараларды ұстануға шақырамыз.