Жаңалықтар

Ербол Қарашөкеев Қазақстан Азаматтық альянсының президентін қабылдады

Ербол Қарашөкеев Қазақстан Азаматтық альянсының президентін қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиеваны қабылдады. Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен ынтымақтастығын күшейту мәселелері талқыланды. Ербол Қарашөкеев бүгінгі таңда Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен өңірде маңызды әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық жұмыстары жиі ұйымдастырылып келе жатқанын жеткізді.