Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы орнықты даму мен цифрландыруға қосқан үлесі үшін халықаралық марапатқа ие болды
- author Zhambylokq
- Бүгін, 11:35
- 9

«Бұл марапат – бүкіл кәсіби ортаның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Қазақстан МЖӘ тетіктерін халықаралық стандарттарға сай жетілдірумен қатар, цифрлық технологияларды тиімді енгізу арқылы саланың сапалы дамуына жол ашып отыр», – деді «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин.
Орталықтың мәліметінше, 2006 жылдан бері елімізде жалпы 2,6 трлн теңге сомасына 1100-ден астам келісімшарт жасалған. Жобалардың негізгі бағыттары – білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы болып табылады. Бұл ретте рәсімдердің ашықтығына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға баса назар аударылып отыр. Жобаларды конкурстық іріктеу үшін веб-портал іске қосылып, тікелей келіссөздер жүргізу тәжірибесіне шектеу қойылды, МЖӘ және концессиялар туралы заңдар біріктірілді. Жобаларды жүзеге асыру саны бойынша Түркістан, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстары көш бастап тұр.
МЖӘ саласындағы негізгі бағыттардың бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. 2023 жылғы қарашада Үкімет 2024-2028 жылдарға арналған МЖӘ дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Құжат білім беру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қорғау салаларындағы 43 жобаны қамтиды.