Облыстың автожолдарындағы жол-апаттарының жай-күйі және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы
Жамбыл облысы Полиция департаментімен 2025 жылдың 4 айында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бірқатар іс-шара атқарылып жатқанына қарамастан, көрсетілген кезеңде екі санаттары бойынша жол-көлік оқиғалар саны өсуде, яғни 19,8% (449-дан 538) және дене жарақатын алғандар саны 20,5% (694-тен 836), ал қаза болғандар саны -9,8% (51-ден 46) төмендеген.
Жол маңыздылығы бойынша қарайтын болсақ:
Республикалық маңыздағы автожолдарда жол-көлік оқиғалар саны 11,1% (90-нан 100) және дене жарақатын алғандар саны 2,6% (196-дан 201) өскен, ал қаза болғандар саны -12,5% (24-тен 21) төмендеген.
Жергілікті маңыздағы автожолдар жол-көлік оқиғалар саны 37,7% (53-тен 73) және дене жарақатын алғандар саны 83,5% (79-дан 145) өскен, ал қаза болғандар саны -7,1% (14-тен 13) төмендеген.
Осыған ұқсас жағдай, қалалар мен елді мекендердегі көше-жол желісіне келетін болсақ жол-көлік оқиғалар саны 19,3% (306-дан 365) және дене жарақатын алғандар саны 16,9% (419-дан 490) өскен, ал қаза болғандар саны -7,7% (13-тен 12) төмендеген.
Аталған автожолдарда жүргізушілер тарапынан жылдамдық асыру, қарама-қарсы бағытқа шығу, маневр жасау, жол белгілерін сақтамау, жаяу жүргіншілерді қағу, бағдаршам объектілерін елемеу себептерінен орын алған.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында облыс автожолдарының 1464 тексеріс жүргізілген, соның ішінде тексеріспен қамтылғаны – 11050 шқ.
Тексеріс барысында облыс автожолдарында 6549 ақаулық анықталған. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар автожолдарда 674 кемшілік, облыстық маңызы бар жолдарда 563, аудандық автожолдарда 981 және де елді-мекендердің көше-жол желілерінде 4331 кемшілік анықталған.
Тексеріс қорытындысы бойынша жол ұйымдарының басшыларына орындау үшін 1464 жазбаша өкім берілген.
Автокөлік жолдарына қызмет көрсетудегі кемшіліктер бойынша аудандық және облыстық атқару органдарына 638 ақпарат жолданды, соның 197 жергілікті атқарушы органдарға жолданған. Облыс және аудан прокуратураларына 80 ақпарат жолданған және БАҚ-та 361 жариялым шыққан.
Автокөлік жолдарына қанағаттанарлықсыз қызмет көрсеткені және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін облыс бойынша 152 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 631 бабы 1б. бойынша - 114 лауазымдық тұлға, 631 бабы 2б. бойынша - 2 лауазымдық тұлға, 630 бабы 4б. бойынша - 14 лауазымдық тұлға.
Ағымдағы жылдың өққткен кезеңінде техникалық ақаулы көліктерді желіге шығарғаны үшін облыс бойынша 37 автокөлік парктерінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 617 бабы 1б. бойынша - 35 лауазымдық тұлға, 619 бабы 1 б. бойынша - 2 лауазымдық тұлға.
Сонымен қатар, Қазақстан Републиккасы Ішкі істер министірлігі және Жамбыл облысы Полиция департаментіммен бекітілген жоспарға сәйкес, «Тасымалдаушы!», «Автобус» және тағы басқа жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, жолаушылар тасмалын жүзеге асыратын мердігер мекемелердің көлік құраллдарының техникалық жай-күйіне тексерістер жүргізу жұмыстары жалғасуда.