Жаңалықтар

Жамбыл облысында аудан әкімдерінің сайлауы өтеді

Жамбыл облысында аудан әкімдерінің сайлауы өтеді

Сессия отырысына қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев күн тәртібіндегі мәселенің өңіріміздің өркендеуі үшін маңызы зор екендігіне жан-жақты тоқталып, алдағы саяси науқанға дайындықты күшейту керектігін ескертті.

Мұнан соң облыстық мәслихат депутаттары Мейрамбек Дөненбаев қанатқақты жоба бойынша Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің сайлауын, ал Керімқұл Бегалиев Жуалы ауданы әкімінің сайлауын ұсынды. Аталған аудандар бойынша ұсыныс бір ауыздан мақұлданды. Ал облыстық мәслихат депутаты Дауыл Бейсенқұлов алдағы жылыту маусымына дайындық секілді маңызды шараларды ескере келе, сайлау күнін 5-ші қарашаға белгілеуді ұсынды. Айтуынша, апта соңына түсетін бұл күн саяси науқанды ұйымдастыруға қолайлы. Сессия соңында аталған мәселелер мен ұсыныстар бойынша шешім жобасы қабылданып, облыс әкімі алдағы саяси кезеңге сәттілік тіледі.