Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
2025 жылдың I-ші тоқсанының қорытындысымен Байзақ ауданының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 133,6%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 107,1%-ға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 102,2%-ға, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 536,1%-ды, ауыл шаруашылығы саласында өсім 116,6% құрады.
2025 жылға жоспарланған жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Нақтырақ айтқанда І тоқсан қорытындысымен инвестиция көлемі 10,2 млрд. теңге, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,4 есе ұлғайып отыр.
2025 жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша ауданға 17,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе ұлғаяды деп күтілуде.
Аудан аумағында жалпы 139,0 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары және 397,6 шақырымды құрайтын 407 елді мекен көшелері орналасқан.
Аудан бойынша аудандық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 98%-ды, елді мекен көшелері 93%-ды құрайды.
«ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес «Сарыкемер-Мырзатай» бағытындағы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 303,1 млн. теңге қаржы қарастырылып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 38,4 шақырымды құрайтын 11 жоба 7 елді мекенді қамтып 45 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, аудан бойынша аудандық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99%-ды, елді мекен көшелері 95%-ды құрайтын болады.
Ауданда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушылардың және жұмысқа жолданғандардың 2025 жылға жоспары 4 691 адам, бүгінгі күнге орындалуы 2 216 адам.
Жұмыс іздеуші ретінде қайырылғандар 2 829 адам. Тіркелген жұмыссыздар саны – 2 341 адам. Аудан бойынша кедейшілік шегінен төмен 2 788 адамы бар 456 отбасы тұрады.
Мемлекеттік АӘК-ке бюджеттен 273,2 млн. теңге қаржы бөлінген. 2024 жылы 456 отбасының 2788 адамына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 1 жастан 6 жасқа дейінгі 915 балаға кепілдендірілген әлеуметтік көмек тағайындалды.
2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеміне 350,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге 261 отбасының 1660 адамына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
74,6 млн. теңге тағайындалды.
Ауданда 44 білім беретін мектеп, 52 мектепке дейінгі ұйым,
1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті, 6 мектептен тыс мекеме және 1 колледж жұмыс істеуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, елімізде, соның ішінде жаңа, заманауи білім ошақтары бой көтеруде. Атап айтқанда, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Сарыкемер ауылында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп өткен жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.
2024-2025 жылы жаңа 2 мектеп құрылысы және Қосақ ауылындағы мектепке қосымша құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Ауданда үш ауысымдағы мектеп жоқ.
Аудан бойынша 44 емдеу мекемелері аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Аудандық емхана 250 тұрғынды қабылдауға арналған. Байзақ аудандық емдеу мекемелерінде бүгінгі күнде барлығы 1 139 адам қызмет атқаруда.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында, Дихан-2, Базарбай және Тегістік ауылдарына фельдшерлік-акушерлік тіректерінің және Қызыл жұлдыз ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2025 жылдың наурыз айында ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді.
2026 жылы аудан орталығы Сарыкемер ауылында 200 төсектік орынға арналған орталық аурухана құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда, 4,5 га. жер телімі анықталып, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Ауданда 287 спорт нысаны бар. 2025 жылдың І-ші тоқсанының қорытындысымен 104 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 11 742 адам қамтылды. 2024 жылы Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, жергілікті бюджеттен жалпы құны 44,9 млн. теңгеге 6 кіші футбол алаңы, 1 құрамдастырылған спорт алаңшасы қолданысқа берілді.
Сарыкемер ауылында сомасы 324,7 млн. теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жуық арада пайдалануға беру жоспарлануда. 2025 жылы жергілікті бюджеттен 3 кіші футбол алаңы құрылысы, 3 кіші футбол алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары және 2 балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша 48 мәдениет нысандары халыққа қызмет көрсетеді. Мәдениет ошақтарында 2025 жылы 235 көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 33 720 адам қатысты. Ағымдағы жылғы маусым айының 1-ші он күндігінде Мырзатай ауылынан 120 орындық ауылдық клуб ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілетін болады.
Жастарды әлеуметтендіру жайы назардан тыс қалмайды. Ауданда 27 724 жас бар. 2025 жылдың I-ші тоқсанының қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,2%-ды құрады. 2025 жылы I-ші тоқсанында 464 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.