Жаңалықтар

Жасанды интеллект – жаңа дәуірдің кілті

Шерхан университетінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун ашық кездесуге келді.

📍 Кездесу тақырыбы:
«Цифрландыру мен жасанды интеллекттің жаңа трендтері: өңірлер үшін мүмкіндіктер мен сын-қатерлер»

✅Кездесуге университет басшылығы, профессор-оқытушылар, цифрлық даму және IT саласының өкілдері қатысты.
Вице-министр заманауи цифрлық саясат, AI технологиялары, өңірлік инфрақұрылым мен IT мамандарын даярлау мәселелерін көтерді.

👍Ашық диалог форматында өткен басқосуда университет ұжымы өз ұсыныстарын білдіріп, болашақ ынтымақтастыққа ниет танытты.

✅ Кездесуден соң қонақтар университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты. IT бағытындағы зертханалар мен цифрлық жобалар көрсетілді. Білім беру үдерісіндегі цифрлық шешімдер мен инновациялық инфрақұрылым таныстырылып, заманауи компьютерлік сыныптар, бағдарламалау және робототехника зертханалары көрсетілді. Студенттердің стартап-жобалары, виртуалды зертханалар және жасанды интеллектті қолдану тәжірибесі де ұсынылды.