Жаңалықтар

Сәулет- құрылыс бақылау басқармасының қорытынды жұмыстары

І. Инспекциялау жұмыстары туралы 2025 жылы облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан 561 нысан бар. Оның 301-і мемлекеттік бюджет есебінен (2024 жылдан өтпелі – 180, жаңа - 121), ал қалған 260-ы жеке қаражат есебінен. Жеке және заңды тұлғалардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламалары: Бүгінгі күнге 381 хабарлама түсті, оның 121 мемлекеттік, 260 жекеменшік.

Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан салыстырып тексеруге құрылысы аяқталған 534 объектілердің пайдалануға қабылдау актілері келіп түсті. Оның 382 оң қорытынды (84 мемлекеттік, 298 жеке меншік) 71%, 152 теріс қорытынды берілді (32 мемлекеттік, 120 жеке меншік) 29%.

 

Жыл басынан 110 құрылыс нысандарына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 84 нұсқама беріліп, 224 әкімшілік іс қозғалды. Оның 191 тапсырыс беруші, 20 мердігер мекеме, 6 жобалаушы, 4 сараптама ұйымы, 7 техникалық    және 6 авторлық қадағалаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл соммасы 53 152 844  теңгені құрады.

Аталған тексерулердің нәтижесінде 1 техникалық (1.Е.Усенов - «Аз и Мур Строй» ЖШС) қадағалаушыға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынумен қатар қолданыстағы сарапшы аттестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды.

Сонымен қатар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз, құрылыс нормалары мен ережелерінен ауытқып орындаған 2 мердігер мекеме (1.«Коммерческая фирма «УНА» ЖШС, 2.,3.,4. «ВАТ-Consalt» ЖШС), 6 жобалаушы  мекемелер (1. «КИБ» ЖШС, 2. «URBANFORGE ARCHITECTURE», 3. «UNI PROJECT GROUP» ЖШС, 4. «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС, 5. «ЛИДЕРПРОЕКТДИЗАЙН» ЖШС,                                     6. «АлматыДорПроект» ЖШС) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 312-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Одан бөлек, «Шу қаласы ЖЭО-ның түтін мұржасын қайта жаңарту» обьектісінің жұмыс жобасына берілген сараптама қорытындысы бойынша сараптама ұйымы «Сараптама Consulting» ЖШС-не ӘҚБтК 317-1 бабының      2-тармағына сәйкес, 26.01.2024 ж. №KZ24VWC00199013 санды аккредиттеу туралы куәлігінен айырып, 2 752 400 тенге мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Қосымша ақпарат ретінде

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 17 сәуірдегі №3116-25-00-3/1938 қаулысына сәйкес, «Тараз қаласы, Жібек жолы көшесі, №28 мекен жайындағы қалыптасқан дүкенге жапсырлас» салынып жатқан ені 4,1 метр, ұзындығы 38,89 метр, мемлекетке тиесілі 0,0156 га жер телімінде орналасқан «NESIBE жоба» ЖШС-не тиесілі заңсыз құрылыстың бұзылуы туралы шешім шықты.

Оған қоса, 5 әкімшілік істер бойынша сот орындарында талап-арыздар қаралуда.

 

Профилактикалық жұмыстар бойынша

Басқарма өз құзіреті шегінде тек бақылау жүргізіп қана қоймай, құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктердің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды да қарқынды жүзеге асыруда.

І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыс аумағындағы құрылыс нысандарының сапасына қатысты тапсырыс берушілердің ұсынымдарына сәйкес құрылыс нысандарына жалпы 122 профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы құрылыстың барлық қатысушыларына (тапсырыс берушіге, мердігерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға) ескертілді.

 

ІІ. Лицензиялау және аттестаттау бөлімі

 

2025 жылдың бүгінгі күніне 17 лицензия берілді.

Атап айтқанда:

Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 11 лицензия берілді. Оның ішінде, І санат –2, ІІ-санат –5, ІІІ санат –4.

Жобалау қызметі бойынша 3 лицензия берілді. Оның ішінде,             І санат –1, ІІ-санат –0, ІІІ санат –2.

Іздестіру жұмыстары бойынша 3 лицензия берілді.

 

2025 жылдың бүгінгі күніне инжинирингтік қызметтермен айналысатын сарапшыларға 51  аттестат берілді. Оның ішінде, техникалық қадағалаушы - 41, авторлық қадағалаушы – 4,  жобалау жұмыстарының сарапшысы-4, техникалық тексеру бойынша – 2.

 

ІІI. Әкімшілік-құқықтық жұмыстар

 

Бақылауда 1 хаттамалық тапсырма бар. Орындалу мерзімдері тұрақты.

Жыл басынан 470 өтініш түскен. 280 өтініш қаралды, 94 өтініш құзіреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды, 21 өтініш қаралу үстінде.

Басқарма басшысымен 14 азамат жеке қабылдауда болып, өтініштеріне ауызша түсініктеме берілді.

Бүгінгі күнге дейін 662 хат келіп түсті.

Мерзімінде орындалмаған хаттар жоқ. Облыс көлеміндегі профилактикалық бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттардың қалың оқырманның назарына жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың әлеуметтік желісінде жарияланды.

Нақты айтқанда, 1 сюжет өңірлік телеарналарда, әлеуметтік желілерде 48, газетте 2 мақала жарияланды.