Жаңалықтар

Мемлекеттік секторда жобалық басқару қағидаларын қолдану

Жамбыл облысының Жобалық басқару және цифрландыру орталығы екі бағытта жұмыс атқарады: мемлекеттік секторға жобалық басқаруды енгізу және дамыту мен цифрландыру.

Мемлекеттік секторға жобалық басқару қағидаларын енгізе отырып біз мемлекеттік органдар арасында коммуникацияларды нығайту жұмыстарын атқарудамыз. Жобалық басқаруға негізделген тәсілдер мемлекеттік қызмет көрсету процестерін бюрократиядан арылтуға көмектеседі, жобаларды басқаруда Agile-технологияларын қолдануға, орындалатын жұмыстардың құн тізбегін кеңейту үшін цифрлық жобаларды пайдалануға, тәуекелдерді, мерзімдерді және өзгерістерді басқаруға көмектеседі.

Мемлекеттік органның жобалық офис құрылымы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ бұйрығында айқындалған. Яғни ол Ұлттық жобалық офис, мемлекеттік жобалық офистерінен тұрады.

Бүгінгі таңда жобалық офис келесі негізгі құжаттармен жұмыс жасауда:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым»;
  • 2024 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің іс-шаралар жоспары;
  • «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы;
  • «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы;
  • «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы;
  • «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы;
  • ҚР «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағыты;
  • Ұлттық инфрақұрымдылық жобалар;
  • Президент әкімшілігі тапсырмасы аясындағы «Жылыту маусымы» бойынша жобалар;
  • Мемлекеттік Басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халықына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шара жоспарында көрсетілген жобалар.

Мемлекеттік қызметте жобалық басқару қағидаларын енгізудің маңызды шараларының бірі – қызметшілердің біліктілігін жоғарлату. Бүгінгі күні «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ұлттық стандартына сәйкес оқытудан 217 мемлекеттік қызметші өтті.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамындағы Жобалық басқару саясаты департаменті Ұлттық жобалық офис болып табылады.

Ұлттық жобалық офис апта сайын мемлекеттік органдардың рейтингін өткізіп отырады. Біздің өңір мемлекеттік қызметте жобалық басқару қағидаларын қолдану рейнгінде алғашқы орындарға тұрақты түрде ие болып отыр.