Шаһардағы 16 көпқабатты үйдің қасбеті мен шатыры жөнделіп жатыр
Қаланың орталық көшелерінде орналасқан 16 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастама шаһарға бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында қолға алынды.
Биылғы жобада Абай даңғылы бойында орналасқан №117, 121, 123, 127, 128, 129, 130, 132, 134, 139 үйлер, Әйтеке би көшесіндегі №1, 2 және Қазыбек би көшесіндегі №103, 113, 120, 140 үйлер осы тізімге енген.
Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мердігерлер жөндеу жұмыстарына қызу кіріскен. Қазіргі таңда қасбеттер жаңартылып, шатырлары ауыстырылуда.
Жемісті жоба аясындағы бұл жұмыстар – қаланың сәулеттік келбетін жаңартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға да бағытталған. Жалпы шаһардағы тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жаңғырту болашақта да жалғасын табатын болады.