Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Цифрландыру – әлеуметтік қызмет көрсетудегі жаңа серпін

Цифрландыру – әлеуметтік қызмет көрсетудегі жаңа серпін
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – еліміздегі әлеуметтік-экономикалық салада халыққа мемлекеттік қызметтер көрсететін негізгі операторлардың бірі. Корпорация цифрлық трансформация арқылы халыққа қызмет көрсетудің тиімділігін арттырып, процестерді автоматтандыру мен жеңілдетуге басымдық беріп келеді.

1. Цифрлық форматтағы әлеуметтік қызметтер

Қазіргі таңда әлеуметтік қамсыздандыру бойынша мемлекеттік қызметтер төрт түрлі форматта көрсетіледі:

Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО),

Электронды үкімет порталы (Egov.kz),

Проактивті форматта,

Банк қосымшалары арқылы.

2. Электронды үкімет порталы арқылы қызметтерді алу

ЭҮП артықшылықтары:

Кез келген уақытта және жерде қызмет алу мүмкіндігі,

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы онлайн рәсімдеу,

Құжаттарды жүктемей-ақ мемлекеттік деректер қорынан автоматты түрде алу.

Қолжетімді қызметтер:

Зейнетақы мен базалық зейнетақы тағайындау,

Жәрдемақылар: бала тууы, күтімі, көп балалы отбасы, асыраушысынан айырылу,

Мүгедектікке және жұмыссыздыққа байланысты төлемдер,

МӘСҚ тарапынан төленетін әлеуметтік төлемдер.

3. Проактивті қызмет көрсету – өтінішсіз қолдау

Цифрландырудың маңызды жетістіктерінің бірі – проактивті қызметтерді енгізу. Бұл форматта қызмет алушы өтініш бермей-ақ, тек СМС хабарлама арқылы келісім беріп, автоматты түрде жәрдемақы немесе төлем ала алады.

Проактивті түрде көрсетілетін қызметтер:

Бала тууына және күтіміне байланысты жәрдемақылар,

Мүгедектікке және асыраушысынан айырылу жағдайындағы төлемдер,

МӘСҚ төлемдері,

Алтын және Күміс алқа иелеріне жәрдемақы,

Мемлекеттік кепілдік төлемдер және арнаулы жәрдемақылар.

4. Банк қосымшалары арқылы жәрдемақы рәсімдеу

Бүгінде көптеген банк қосымшаларында “Мемлекеттік қызметтер” бөлімі іске қосылған. Бұл – азаматтарға үйден шықпай-ақ әлеуметтік төлемдерге өтініш беруіне мүмкіндік береді.

Мысалы:

Бала тууына, күтіміне, көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақылар,

Жұмыссыздыққа байланысты төлемдер.

Қызметтерді рәсімдеу ЭЦҚ арқылы жүргізіледі, ал жауап СМС түрінде беріледі.

5. Зейнетақы тағайындау тәртібінің цифрлық моделі

Қадамдық рәсім:

Зейнет жасына 3 ай қалғанда – ХҚКО арқылы кеңес алу, зейнетақы мөлшерін алдын ала есептеу.

Зейнетке шығуға 10 күн қалғанда – ЭҮП немесе ХҚКО арқылы құжат тапсыру.

Құжаттар электронды түрде өңделіп, шешім жобасы жасалады.

Жергілікті басқармалар мен уәкілетті органдар шешімді бекітеді.

Азаматқа СМС арқылы ақпарат беріледі, төлем автоматты түрде төлем жүйесіне енгізіледі.

Қорытынды

Цифрландыру – мемлекеттік қызметтерді халыққа қолжетімді, жедел әрі ашық етудің басты тетігі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік саладағы барлық қызмет түрлерін кезең-кезеңімен цифрлы форматқа көшіріп, азаматтардың уақыты мен ресурсын үнемдеуді басты мақсат етіп отыр. Бұл – мемлекет пен халық арасындағы тиімді әрі сенімді байланыстың айқын көрінісі.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар