Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбылда жол инфрақұрылымын дамытуға 28 млрд теңге бөлінді

Жамбылда жол инфрақұрылымын дамытуға 28 млрд теңге бөлінді
Жамбыл облысында биыл 181 жол жобасы жүзеге асырылады

Жамбыл облысында 2025 жылға дейін жол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде жалпы саны 181 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кеңес барысында жергілікті автомобиль жолдарының жағдайы, қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, сондай-ақ облыс әкімінің Жуалы ауданы халқымен кездесуінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың айтуынша, биыл облыстағы жолдарды жөндеуге 28 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға:

470,3 шақырым жолға құрылыс, қайта жаңғырту және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі;

Тараз қаласындағы «Барысхан» және «Бұрыл А, Б, В» алқаптарында 17,7 шақырым жаңа жол салынады;

8 шақырым жол қайта жаңғыртылады;

444,6 шақырым жолға (оның ішінде 332,5 шақырымы елді мекен көшелері) орташа жөндеу жасалады;

Сонымен қатар, 8 көпір мен 2 жол өткелінің құрылысы көзделген.

Жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін күтіп ұстау және ағымдағы жөндеуге 4 миллиард теңге қарастырылған.

Қазіргі таңда 81 жоба бойынша жұмыстар басталған. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы 24 нысанда 42 инспекциялық тексеру жүргізіп, 149 сынама алған. Оның ішінде:

31 сынама талапқа сай деп танылды,

52 сынама бойынша зерттеулер жалғасуда,

66 сынамада сәйкессіздіктер анықталған.

Басқарма дерегінше, битум тапшылығы жоқ. 2025 жылға жоспарланған жобаларға қажетті 30 мың тонна битумның орнына қазіргі таңда 7,4 мың тонна қор дайын, бұл көлем 7 сақтау қоймасында жинақталған.

Жыл қорытындысы бойынша:

Жергілікті маңызы бар автожолдардың 99,5%-ы,

Елді мекен көшелерінің 89%-ы жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізілуі тиіс.

Сондай-ақ қоғамдық көлік саласында да бірқатар өзгерістер жоспарланған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қоғамдық көлікпен қамтуды арттыру, автобус паркін жаңарту, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басым бағыттардың бірі болып қала береді.

Ербол Қарашөкеев өз сөзінде жол сапасына қатысты сын-ескертпелердің жиі айтылатынын атап өтіп, жауапты тұлғаларға жұмыстарды мерзімінде аяқтауды, қоғаммен кері байланысты күшейтуді және анықталған кемшіліктерді жоюды тапсырды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар